Ұлдарға арналған

Көшбасшылық деген не? Көшбасшылық үшін қандай қасиеттер керек?

Сіздерге көшбасшылықтың не екенін айту үшін біз көшбасшылықтың түрлі теориясын жинадық:

Көшбасшылықтың барлық анықталған қасиеттерін жалпылап, топтаған алғашқы шетелдік ғалымдардың бірі Ральф Стогдилл болды. Өз зерттеулерінің негізінде ол 1948 жылы көшбасшылықты негізінен келесі бес қасиет сипаттайтынын айтты:

  • ақыл немесе интеллектуалдық қабілеттер;
  • өзгелерден артық болу немесе үстемдік;
  • өз-өзіңе деген сенімділік;
  • белсенділік пен жігерлілік;
  • өз ісін білуі.

Р.Стогдилл: «көшбасшылық адамдар арасында қандай да бір әлеуметтік жағдайда болатын байланыс және бір жағдайда көшбасшы болып табылатын адамдар басқа жағдайларда міндетті түрде көшбасшы болмайды»-дейді. Ол анықтаған бес белгі көшбасшылық феноменінің бар табиғатын түсіндіріп бере алмады. Зерттеулер бойында осы қасиеттері бар барлық адамның көшбасшы еместігін, ізбасар болып қалатынын көрсетті. Көшбасшылардың түрлі жағдайлардың бәрінде абсолютті көшбасшы болып қалуы сирек кездескен.  

Әрі қарай басқа теорияларда кез келген көшбасшының ұжымдағы көшбасшылығы айтылады

  • топтық бірлескен міндеттерді шешкен кездегі жоғары белсенділік және жеке тұлғаның бастамашылығы; шешілетін міндет, топ мүшелері, жалпы жағдай туралы ақпаратқа қанық болу;
  • топтың басқа мүшелеріне неғұрлым баса ықпал ету.

Ал енді дамытсаңыз сізге нағыз көшбасшы болуға көмектесетін негізгі қасиеттер туралы айтайық

  1. Өз өміріңізде көшбасшы болу – өз өміріңізді басқара білу, өзіңізді қайрай білу, өз-өзіңізге мақсат қойып, оларды жүзеге асыру үшін қимылдау – көшбасшылыққа апаратын алғашқы қадам. Дәл осы көшбасшылық қасиет сіздің әрі қарайғы жеңістеріңізге негіз болады.
  2. Перспективаны көру – бұл көшбасшылық қасиет тұрақты даму мен жаттығуды талап етеді. Біліміңіз бен тәжірибеңіз неғұрлым көп болған сайын болашақты айқынырақ елестететін боласыз.
  3. Ашықтық – көшбасшы үнемі даму үстінде болады. Күн сайын ол жаңа ақпарат алады, адамдармен араласады, шешім қабылдайды. Мақсатқа жету үшін ашықтық ауадай қажет.
  4. Ерлік – бұл маңыздылығы жағынан екінші тұрған көшбасшылық қасиет. Өз қорқынышыңды бақылай білу және қорқынышыңызға қарамай әрекет ету – көшбасшының батылдығы. Бәрі қорқады, бірақ өз мақсатына қарай жүрген адам ғана табысқа жетеді.
  5. Батылдық – кез келген адамның өмірі шектеулі. Сондықтан көшбасшылар уақытын бос әңгімеге жұмсамайды. Егер шешім қабылдау үшін ақпарат аз болса олар оны алу үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды және әрекет етуді жалғастыра береді.
  6. Жігерлілік – негізгі көшбасшылық қасиеттердің бірі. Көшбасшының өмірі үлкен эмоционалды және физикалық шығынды талап етеді. Оған шыдау үшін мол энергия керек.
  7. Позитивті көзқарас – Қиындықтар адамның бәрінде бар және үнемі бола береді. Ештеңе істемейтін адам ғана қателеспейді. Позитивті көзқарас көшбасшыға кінәлілерді емес, шешім іздеуге көмектеседі.
  8. Өзгелерді тыңдай білу – ешкім барлық салада маман бола алмайды. Көшбасшы мұны түсінедіКөшбасшының күші – сарапшыларды тауып, оларды ортақ іске жұмылдыра білуінде.

Ал осы қасиеттерді қайда және қалай дамытуға болады? Бұл үшін осы сайттың мәзірінде жасөспірімдерге арналған орталықтарды таба аласыз. Ондағы мамандар осы қасиеттерді дамытуға көмектеседі. Егер оларды мұқият оқысаңыз олар тек міндетті түрде көшбасшы болу үшін ғана емес, кез келген адамның өміріне қажет.