Қыздарға арналған

Жалпы достық туралы: ғылыми тұрғыдан

Жас өскен сайын достық туралы түсінік өзгере береді. Жеті жасқа дейін қасыңда тұратын адам досың болады, ал жеті - тоғыз жаста сенімен достасқан адам досың болады, тоғыз - он екі жаста достық теңдей қарым-қатынасқа және «сен – маған, мен – саған» деген алмасуға негізделеді.  

Психологиялық зерттеулерге сәйкес жасөспірімдер арасындағы достық бір жынысты қатарластар арасында, әдетте сыныптастар арасында туындайды. Өмірдің бұл кезеңінде достық мотивациясының өзі өзгереді. Егер балалық шақта «барлығы бірге болу», «бәрі бірге ойнау» негізгі түсінік болса жасөспірімдік кезеңде «бір біріне қызық болу» деген формулаға басымдық беріледі. Енді «ойнайтындардың» саны маңызды емес. Дәл сол себепті жасөспірімдердің достығы қызығушылық, хобби, ойын-сауық өткізу тәсілдері негізінде туындайды. Осылайша аралас-құраластық шеңбер кеңейе түседі. Себебі өз бетінше танысу мүмкіндігі пайда болады. Жасөспірімдер компанияларға, үйірмелерге бірігеді, қаладағы сәнді мәдени бағыттарға ілеседі. Бұл жаста компания таңдау жасөспірімнің кемі мектеп бітіргенге дейінгі өмір стилін айқындайды.

Темпераментіне қарай бір топ дос болуы немесе екі-үш жолдас болуы мүмкін. Бұл маңызды емес. Маңыздысы оның жайлы болғаны. «Ең жақсы достың» болуы үлкен маңызға ие. Әдетте бұл санатқа бір-екі адам кіреді. Адал серіктестің пайда болуымен жақын адамыңа деген қажеттілік – өзге жыныстағы адамдардың болашақтағы интимдік қатынасының дайындығы жаңа деңгейде туындайды.

Жасөспірім кезеңде достық негізінде өзара сенім жатады.

Достық қарым-қатынас орындауға міндетті белгілі бір шарттарға құрылады. Ол келесідей шарттар:

  • егер қажет болса ерікті көмек көрсету;
  • өзіңді қасыңдағы қосыңа ыңғайлы болатындай ұстау;
  • өзіңнің жетістіктерің мен сәтсіздіктерің туралы айту және қиын кезде досыңа қолдау көрсету;
  • досыңа сену;
  • досың қасыңда болмаса да оны қорғау.

Бұл ережелерді бұзу достықты тоқтатады.

Достыққа ғана емес, жолдастыққа да қолданылатын басқа ережелер бар. Бұл ережелерге келесі істер жатады: айтылған құпияны сақтау, досыңды (жолдасыңды) жария түрде сынамау, басқалармен жеке қарым-қатынасты сынамау, қызғанбау, басқаның жеке кеңістігі мен ішкі әлемін сыйлау.  

Достар ата-ананы алмастыра алмайды. Қиын жағдайларда жасөспірім достарына емес, ата-анасына барады.

Достық біртіндеп пайда болады, ортақ іспен шұғылдану нәтижесінде туындайды. Егер адамның досы болмаса оның дос емес, қызықты ісін іздегені жөн. Ал достар сол арадан өздері табылады.

Достықта адам өз-өзін жоғары деңгейде ашады, өзге біреуге бар құпиясын, қалауын, ойларын, ниеті мен сезімдерін шынайы әрі ерікті түрде ашады. Егер құпиясы болмаса досымен бөлісу үшін ойлап табуы да мүмкін. Бұл құпияны ашу сатқындық ретінде қабылданады.

Жасөспірімдердің достығында бір ерекшелік бар. Жасөспірімдер басқаларды тыңдағаннан гөрі өз сезімдері туралы көбірек айтқанды жақсы көреді. Бұл жанжалға себеп болуы мүмкін.

Жасөспірімдердің достығы өзіне, ойы мен қалауына көп көңіл бөлумен ерекшеленеді. Жасөспірім досына өзіне үнемі жақсылық жасайтын адам ретінде қарайды. Бірақ қайтарымсыз, ала беруге болмайды. Қарым-қатынас тұрақты болу үшін алып қана қоймай, бере де білу керек. Және көп шағым мен талап қоюға болмайды. Адам өзіне қуаныш сыйлайтын қарым-қатынасқа ұмтылады, егер қуаныш болмаса араласуға деген ниет төмендейді.

Достық қарым-қатынас күнделікті ұсақ-түйектен құралады. Достық әртүрлі бұзылады. Бұл қарым-қатынасты анықтайтын эмоционалды жарылыс болуы да, қарым-қатынастың баяу үзілуі де болуы мүмкін.

Жасөспірімдердің достығы өз сезімдерімен, ойларымен, үрейімен, күмәнімен бөлісуге және жанына жақын досынан моральдық көмек алуға мүмкіндік береді.

Жасөспірімдердің өзара қарым-қатынасында бірінші орында жолдастық қатынас тұрады. Мұндай қарым-қатынастың атмосферасы «жолдастық кодексіне» негізделеді. Ол басқа адамның тұлғалық қасиетін сы       йлауды, теңдікті, адалдықты, адамдықты, көмектесе білуді қамтиды. Әсіресе жасөспірімдер тобында эгоистік, сараңдық, сөзінде тұрмау, жолдасына опасыздық жасау, дандайсу, бұйрық беруге ұмтылу, жолдасының пікірімен санаспау әдеттері қабылданбайды. Жастары шамалас жасөспірімдер тобындағы мұндай мінез-құлыққа жол жоқ, бірақ оны бұзған жолдасына міндетті түрде жауап қайтарылады. Оған бойкот жариялайды, компанияға қосудан, қандай да бір істерге қатыстырудан бас тартады. Жасөспірімдер тобында әдетте көшбасшылық қатынас орнатылады. Көшбасшының жеке назар аударуы көпшіліктің назарынан тыс жүретін жасөспірім үшін аса маңызды. Көшбасшымен жеке дос болуды мәртебе санайды және соған ұмтылады. Жасөспірімдерге өздері теңдей серіктес немесе көшбасшы ретінде қарым-қатынас жасай алатын достары да маңызды. Кейде жолдасыңа, онымен достасуға деген ниет жолдасың айналысатын бір іске қызығушылықтың ояуына себеп болады.  Нәтижесінже жасөспірімнің жаңа танымдық қызығушылықтары пайда болуы мүмкін. Достық жасөспірімдердің қарым-қатынасын жандандырады, әртүрлі тақырыпта әңгіме айтуға біраз уақыттарын жұмсайды.

Кейінірек, жасөспірімдік кезеңнің соңына қарай жақын досқа деген мұқтаждық пайда болады. достық қарым-қатынасқа деген адамгершілік талаптар туындайды: өзара ашықтық, қайырымдылық, қырағылық, құпияны сақтай білу. Ең қиыны – жалғыздық, қатарластарыңа керек болмау. Жасөспірім кездегі дос аса бағалы.

Есейген сайын өз уайымымен, қиындықтарымен, ойларымен бөлісуге мүмкіндік беретін неғұрлым жақын достыққа деген қажеттілік туындайды. Жасөспірімдерге өздері сене алатын, өздерін түсінетін жақын достар керек. Олар тек құпияларымен, жоспарларымен ғана бөлісіп қоймайды. Бір-біріне ішкі мәселелер мен тұлғаралық жанжалдарды шешуде көмектесіп, сезімдерімен де бөліседі.