Мен және басқалар

Сенің топтағы мінез-құлқың

Егер күнделікті өмірде біз өзімізді қалыпты ұстасақ, кей адамдар топ арасында ақымақтыққа жол беруі немесе өзін агрессивті ұстауы мүмкін.

Адам белгілі бір идея билеген топ арасына түскенде оның санасын да сол идея билейді. Топта белгілі бір дәрежеде кез келген адамның интеллектуалды қабілеті төмендеп, эмоциясы көтеріледі. Сондықтан адамдар топ ішінде аффектіге бейім.

Кейде қауымдастықтың «классикалық емес» типі деп атайды. Әңгіме бірлескен мінез-құлық көрсететін орнықты адамдар туралы болып отыр.

Топ арасына түскенде адам көбіне өзінің жеке ерекшеліктерін жоғалтады. Күнделікті өмірде салмақты, ақылды, есті адам  ағынға еріп, топ ішіндегі көңіл-күйге қарай агрессивті болып, айналасындағылардың бәрін бүлдіре бастауы мүмкін. Бұған көптеген мысал келтіруге болады.

Топ деп ортақ қызығушылығы бар адамдардың қысқа уақытқа бір жерге жиналуын айтуға болады. Топта мәртебе мен рөл түріндегі топтық құрылым жоқ, бірыңғай мінез-құлық нормалары мен ережелері жоқ, өзара қарым-қатынас тәжірибесі жоқ. Адамдарды біріктірген қызығушылық жоғалған кезде топ та тарайды.

Топтың айрықша қасиеттері – анонимділік, психикалық зақымдау, таңу және тәнті болу. Топтағы ой жалпы көңіл-күйге бағытталып, инстинктіге бағынады.

Топ (тобыр) орыс тілінің анықтамасында – көп адамдардың жиналуы, шоғырлануы, бірігуі. Кейде малға қатысты қолданылады. Орда, жиын, тобыр, табын. Бұл арада келесідей белгілер көрсетіледі: 1) адамдардың көптігі; 2) тәртіпсіздік; 3) шу; 4) тығыздық; 5) бейсаналы түрде жануар сияқты көпшілікке бағыну; 6) қыдырма; 7) қауіпті (шабуыл туралы).

Ағылшын тілінде crowd сөзіне a large number of people gathered togethe' деген анықтама беріледі, синонимдік сөздік crowd, throng, press, crush, mob, rout, horde сөздерінде келесі белгілерді атап көрсетеді: бейбастық, тәртіп бұзушылық mob — a crowd or throng bent on the accomplishment of riotous or destructive acts; өте тәртіпсіз, шулы, дүрліккен — rout — especially disorderly or tumultuous mob

Адам топта неғұрлым ұзақ болған сайын рационалды бақылау әлсіреп, жамандыққа әуестік күшейеді. Басқа бір ерекшелігі — адамдардың физикалық жанасуы және тығыздық. Шектен тыс тығыздық бастапқыда психологиялық, содан кейін физикалық жайсыздық тудырады.

Топ — ұйымдаспаған күш, оның басшысы жоқ, онда тәртіп пен бағыну жоқ, ешкім іс-әрекетін ешкіммен келіспейджі. Топқа мақсаты бар қимыл емес, таңдауға, қол жеткізуге негізделген мінез-құлық тән. Топты бейтаныс адамдар құрайды.  

Мамандардың айтуынша топта адамның күйі келесі жаққа қарай өзгереді:

  1. көріп, естіп тұрғанының барлығын қабылдаудағы эмоционалдылықтың артуы;
  2. таңушылықтың артуы, сәйкесінше өзіне мыни ойлау деңгейінің төмендеуі және қабылдаған ақпаратты тиімді өңдеу қабілетінің төмендеуі;
  3. өз мінез-құлқына жауапкершілік сезімінің басылуы;
  4. күштің пайда болу сезімі және анонимділікті түсіну.

Топта рәсім түріндегі өзара ынталандыру болады: қол шапалақтау, мақұлдаған дауыстар. Топта тұрғанда адам бойынша инстинктер пайда боладыү Бір біріне жанаса тұрғанда адамдар қысқа мерзімге болса да өздерін бір-біріне бауыр санайды, бәрін тең санайды.  

Топ адамның ерекшелігін жойып, оларды тобырға айналдыра алады.

Міне, адамдардың топтағы мінез-құлқы туралы қысқаша осылай. Енді сен мұны білесің. Қорытынды: митингілерге барма, топпен әлдеқандай іс жасауға шақыратын жерлерге барма. Қысқасы, кездейсоқ ұйымдасқан топтардан, митингілерден аулақ жүр! БҰЛ ТУРАЛЫ ҰМЫТПА. Саған ескерту берілсе, сен қарулысың деген сөз!